30 Шілде 2015, 04:41
«Өткен жылы әдеттегідей жұмысқа келіп, басылымдардың жаңа сандарын оқып отырып, Ресейден шығатын «Мир музея» журналындағы «В Соколиной башне Ханского дворца» (Галина Останенко, музей истории и культуры крымских татар «Ханский дворец») деген мақалаға көзім түсті», - деді Ғайса Темірболатұлы. Бұл мақалада хан Жәңгірдің 1823 жылы таққа отырған кезінде Александр І патшаның сыйға тартқан қылышы туралы айтылған екен. Осы мәліметтерге сүйене отырып, дереу ғаламтор арқылы іздестіру жұмысын жүргізіп, «Бахчисарайский историко-культурный и археологический музей-заповедник» музейінің «В Бахчисарае открылась выставка средневековых оружий» деп аталатын қару-жарақ экспозициясы туралы түсірілген деректі фильмді тауып алдық. Көрмеде көз тартарлықтай көне қарудың түр-түрі жетерлік екен. Ішінде мақалада жазылған Александр біріншінің Жәңгір сұлтанға хан дәрежесіне көтерілуіне байланысты сыйға тартқан қылышы да тұр. Экспозицияны таныстырып жүрген экскурсия жүргізушісі құнды жәдігерді Бөкей хандығынан қалған деп айтып өтеді. Ішінде Жәңгірдің жинақтаған басқа да қарулары болар деген оймен ғаламтор арқылы музейге Жәңгір ханның қару-жарақ палатасының басқа да жәдігерлерін сұрастырып, хат жолдадық. Көп күттірмей бізге Хан сарайының ғылым жөніндегі орынбасары Полканова Анна Юрьевнадан жауап келді. Онда: «Здравствуйте, уважаемый Гайса Темирбулатович! На Ваше письмо о клинке, указанном в статье Г.Останенко «В Соколиной башне Ханского дворца» в журнале «Мир музея за ¹314 от 10 октября 2013 года сообщаем, что он действительно находится в фондах нашего музея», - деп жазылған. Ханнан қалған мұраның сақталғанына көзіміз анық жеткен соң, қалған жәдігерлерді сұрастырып, тағы да хат жолдадық. Алайда бұл сауалымызға көпке дейін жауап берілмеді. Арада сегіз ай өткен соң күтпеген жерден мынадай қуанышты хабар келді: «Уважаемый Гайса Темирбулатович, пишет Вам Зайцев Илья. В недавнем прошлом я работал заместителем директора Бахчисарайского историко-культурного заповедника. Мне переслали Ваше письмо в Музей о казахских клинках. Действительно, в Музее есть два клинка ханов Букея и Джангира. Я совсем недавно делал доклад о них в Москве на конференции (с переводом надписей и обстоятельствами попадания сабель в Бахчисарай). Этот доклад готовится сейчас к публикации в журнале в Москве. Я готов переслать Вам мою статью. С уважением, Илья».
Бөкей ордасы тарихи-музей кешені құрамындағы екі ғасырға жуық сақталған хан сарайының шығыс бөлігі мен Елбасы Н.Назарбаевтың қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы қайтадан қалпына келтірілген хан сарайының орталық бөлігі мен батыс бөлігі болашақта ханның мемориалдық музейі болып жасақталмақ.
«Алдағы уақытта аталмыш құнды жәдігерлер күні бүгінге дейін сақталған хан сарайының шығыс бөлігінде жасақталған «Қару-жарақ палатасы» музейіне, яғни өзінің орнына қойылса, бөкейліктер үшін үлкен қуаныш болар еді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Батыс Қазақстанда белгіленген шаралардың бірі Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында өтеді деп жоспарлануда. Осы айтулы оқиға қарсаңында қос ханның қылышы өзінің тарихи орнына қайтарылса дейміз», - деп түйіндеді ойын Ғ.Махимов.
Әзірлеген: Досжан Мейірім.