Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа байланысты осылай демеске амал жоқ.
Көп адам бөліскен хабарламада «Коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты Үкіметтің қаулысымен барлық зейнеткерге материалдық көмек көрсетіледі» деп жазылған.
Шындығында дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы ешқандай қаулы қабылданған жоқ.
Осы орайда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар аз қамтылған отбасыларға жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті деңгейінде жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын айта кеткен жөн.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл көмекті тағайындау үшін тиісті құжаттарды egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығында тапсыруға болады