Зертханадан өлімге әкелетін вирустардың жүздеген үлгісі жоғалып кетті

12 Желтоқсан, 14:19 324

Аустралияның Квинсленд штатындағы зертханадан өлімге әкелетін вирустары бар 300-ден астам түтік жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың ішінде Хендра вирусы бар 100-ге жуық түтік, хантавирус бар екеуі және лиссавирус бар 223 түтік ғайып болған. Үлгілер 2021 жылы жоғалып кетті, бірақ құқық бұзушылық тек 2023 жылдың тамызында расталды. 

Бұл материалдардың дәл осы кезеңде жоғалуы алаңдаушылық тудырып отыр. Олар жұмыс істеп тұрған мұздатқышқа рәсімделмеген құжат арқылы ауыстырылған, — деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында Квисленд штатының бас санитарлық дәрігері Джон Джеррард.

Зертханадан жоғалған вирустардың үш штамы адам үшін өлімге әкелуі мүмкін.

Біз вирусологиялық зертхананы бұзу фактісі бойынша тергеуді бастадық. Бұзушылықтың қоғамға қауіп төндіретіні туралы ешқандай дәлел жоқ және біздің үкімет мұндай жағдайдың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр, - деді Квинсленд штатының денсаулық сақтау министрі Тим Николс.

Қауіпті түтіктер жоғалып кеткен зертхана диагностикалық қызметтерді ұсынады, вирустарға, сондай-ақ масалар мен кенелер арқылы таралатын аурулардың қоздырғыштарына қатысты мемлекеттік деңгейде бақылау мен зерттеулер жүргізеді.

Зертхана қызметкерлері түтіктердің қайда кеткенін анықтай алмады: оларды біреу ұрлап кетті немесе үлгілерді жойып жіберді.



Мөлдір Қайнар
Бөлісу: