Зергерлік дүкеннен 180 млн теңгенің бұйымын ұрлағандар ұсталды

10 Мамыр 2023, 16:30 898

Степногорскіде зергерлік дүкенге 180 млн теңгеден аса шығын келтіргендер анықталды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонауы анықталды. Еске салсақ, 1 мамырда белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлаған болатын.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақмола облысы ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Олар 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары болып шықты. Заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: