Зерендіде республикалық «Жастар ісі Академиясының" кезекті отырысы басталды

26 Тамыз 2023, 14:55 881

Ақмола облысының Зеренді ауданында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Жастар ісі Академиясының" кезекті отырысы басталды", деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Аталған академия жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне арналып отыр. Басқосуға министр Дархан Қыдырәлі арнайы келіп, қатысып жатыр.

Қазір елімізде жастар саны 6 миллионға дейін көбейді. Сондықтан мәселелер де аз емес. Осыған байланысты бүгін осында облыстағы жастар басқармаларының, жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен жиналып, үшкүндік семинар-тренингтер өткізіп жатырмыз, - деді Дархан Қыдырәлі басқосуда. 

Академия аясында жастар ресурстық орталықтары қызметін жетілдіруге бағытталған стратегиялық сессия, «Tool fair» жастар ресурстық орталықтарының үздік жобалар жәрмеңкесі, «Жастар саясаты: өңірлік аспект», «JRO Level Up», «Media.PR» тренингтері өткізілмек. 

Үш күннің ішінде оннан атам алаңда семинар-тренингтер өтеді. Жастар мәселелері төңірегінде әртүрлі пікірталастар болады. Осы үш күн жастарымыздың болашағын айқындауға жақсы мүмкіндіктер береді деп ойлаймын, - деді министр.

«Жастар ісі Академиясы" жұмысының нәтижесінде жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған тың идялар талқыланып, әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірыңғай тізімі бекітіледі. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталықтары жұмысын жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданып, өңірлік өзара іс-қимыл жүзеге асырылады деп күтіліп отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: