«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ өзінің таратылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz
Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасап, артынша ведомство басшысы «Зерде» холдингін тарату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
8 тамызда Үкімет «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды.