Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келді

12 Қазан 2022, 18:22 1290

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Астанада өтетін ірі халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына келді, деп хабарлайды El.kzҮкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Ильхам Әлиев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп күтілуде. 

Айта кетейік, 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Саммитке Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. 

14 қазанда Астанада Достастықтың жоғары органы – ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Іс-шара барысында ТМД алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжатты қарау және қабылдау жоспарланған.

Бөлісу: