Зеленский Путинмен келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты

5 Ақпан, 10:55 1006

Украина президенті Владимир Зеленский британиялық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында, бейбітшілік әкелудің жалғыз жолы осы болса, Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөздер үстеліне отыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егер бұл Украина азаматтарына бейбітшілік әкелетін және адамдардың өмірін сақтап қалатын жалғыз конфигурация болса, онда біз кездесудің осындай нұсқасына барамыз, — деді ол.

Украина президентінің айтуынша, бұл жағдайда оның Путинге деген көзқарасы маңызды емес.

Мен оны жау деп санаймын және, оның да маған көзқарасы дәл сондай, — деп қосты Зеленский.

Украина президенті бейбітшілік туралы келіссөздерге АҚШ пен ЕО да қатысуы керек деп санайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: