Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі Қазақстандағы өзбектер жайлы ақпарат таратады

18 Маусым 2019, 11:50 4289

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының өзбек этномәдени орталығына Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің жетекші редакторы Озода Бекмуродова іссапармен келді.

Орталық жетекшісі Шерзод Пулатов редактордың іссапарының мақсаты Өзбекстанның жұртшылығын Елордалық өзбек орталығының жұмысымен таныстыру ғана емес, сонымен қатар екі бауырлас елдегі өзбек этнос өкілдері арасындағы мәдени және рухани байланысты орнату бойынша жұмысты бастау болып табылатынын хабарлады.

Сондай-ақ О. Бекмуродова Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында өткізілетін мәдени іс-шаралардың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.


Өзбек этномәдени орталығы құрылымы мен жұмыс жоспарымен танысқан қонақ оның қызметінің жан-жақты бағыттылығына таңданасын білдірді. Атап айтқанда, ол өзбек «Зие» этнолингвистикалық мектебінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тәнті болды, сондай-ақ «Пойтахт ешлари» жастар қанаты мен шығармашылық ұжымдардың жұмыстарына разылығын білдіріп, вокалдық және би ансамбльдерінің дайындық деңгейін жоғары бағалады.

Достық кездесуі жайлы жай-күйде өтті, сұхбаттан кейін мейман Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, сондай-ақ өзбек этномәдени орталығының барлық белсенділеріне өзбек мәдениетін сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.


Кездесу соңында Ш. Пулатов ҚХА және өзбек этномәдени орталығының атынан журналист, ақын, редактор және жазушы О. Бекмуродоваға ҚХА қызметі туралы естелік сыйлықтар мен кітаптар табыс етті.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Нұргүл ШАТЕКОВА
Бөлісу: