Зайсандық орманшылар тозығы жеткен техникалар мәселесін көтерді

4 Шілде 2023, 20:37 1252

Мәжілісі депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Шығыс Қазақстан облысындағы шекаралық аймақ Зайсан ауданына барып, «Зайсан орман шаруашылығы» орманшылармен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Қаншама жыл осы мекемеде қызмет атқарып жүреміз. Біздегі бірден бір мәселе ол өрт сөндіруге арналған техникалардың тозығы жеткендігі.  Қазір техниканың озған, дамыған уақыты ғой. Бірақ біз әлі күнге дейін сол ескі құрал-жабдықтармен жұмыс жасаймыз. Сіздерден осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауларыңызды сұраймыз, – деді Орман өрт сөндіру станциясының басшысы Аманбек Жасаров.

Мамандардың айтуынша, орман шаруашылығында жұмыс жасайтын техникалардың әбден тозығы жеткен. Сондай-ақ ондағы қызметкерлердің жалақысы да мардымсыз.

Мұндағы жұмыс уақытына қарамастан қызметкерлердің жалақысы өте аз. Олар күндіз түні қолайлы, қолайсыз ауа райында да жұмыс істейді. Сондықтанда жалақы мәселесі реттелсе жақсы болар еді, – деді Зайсан орманшылығы басшысының міндетін атқарушы Айдын Ескендіров.

Бәріңізге белгілі, жақында Абай облысында болған орман өрті осы салада түйткілді мәселелердің бар екендігін көрсетті. Өз кезегінде Мемлекет басшысы да саладағы кемшіліктерді анықтап жою қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар осы жылдың 1 шілдесінен бастап орманшылардың айлығы көтерілді. Ал материалдық-техникалық базаны жақсарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп мәлімдеген болатын министрлік. Бұл мәселе бойынша Мәжіліс депутаттары тиісті министрліктің жұмысын назарда ұстайтын болады, – Ерлан Саиров.

Сапар барысында Мәжілісі депутаттары Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Алтай, Катон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай аудандарына барып, тұрғындармен кездеседі.

Берік Арманов
Бөлісу: