Зайсан көлінен 100 келіге жуық балық аулаған тұрғын ұсталды

9 Қараша 2023, 17:15 1003

Абай облысында браконьерден 100 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Браконьерліктің кезекті фактісін Ақсуат ауданынданының тәртіп сақшылары анықтады. Учаскелік полиция инспекторлары мен “Ақсуат ауданының табиғи ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу” ММ жедел жасағы бірлескен рейдтер жүргізу кезінде Шығыс Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол жыл бойы балық аулауға тыйым салынатын Зайсан көлінің жағасында моторлы қайықпен көксерке балығын аулаған. Полицейлер одан 90,2 келі балық тәркіледі. Жалпы шығын жарты миллион теңгеден астам сомаға бағаланады.

ҚР ҚК 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген балық мемлекеттік пунктке тапсырылды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы жазылым берді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: