Түркияның «Бешикташ» клубы мен Қазақстан құрамасының Бахтиер Зайнутдинов клуб басшылығынан Санкт-Петербургтің «Зениті» жасаған ұсынысты қабылдамауды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бахтиер «Бешикташтан» кеткісі келмейді. Ол өзін Ыстамбұлда бақытты сезінеді. Оның «Зениттің» ұсынысынан бар тартуды өтінгенін естідім, - дейді тілші Серджан Дикме.
Бұған дейін «Зениттің» жартылай қорғаушылар Жедсон Фернандеш пен Бахтиер Зайнутдиновке қатысты «Бешикташпен» келіссөз жүргізіп жатқаны айтылған.
Зайнутдинов «Бешикташ» сапына былтыр Мәскеудің ЦСКА клубынан 4,5 миллион еуроға ауысты. Оның келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды. Түркия Суперлигасында ол 27 матчқа қатысты.