Зайнутдинов алғаш рет "Бешикташтың" негізгі құрамында шықты

2 Қазан 2023, 20:14 262

Ыстамбұлдық "Бешикташ" Түркия Суперлигасының 3-турында "Коньяспор" командасын сырт алаңда 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Голдарды Угуржан Язғылы (автогол) мен Венсан Абубакар соқты. Қазақстандық жартылай қорғаушы ойынды негізгі құрамда бастады. Оны 82-минутта Онура Болат ауыстырды.

Бактиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасының осы маусымында барлығы 5 матч өткізді. Әзірге нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеді.

SofaScore талдау порталы Зайнутдиновтың ойынын 6,5 баллға бағалады.

"Бешикташ" қазіргі уақытта Түркия Суперлигасында 4-орнында келеді.

Берік Арманов
Бөлісу: