Зауыт аумағындағы 40 тонна мақта өртеніп кетті

26 Қазан, 03:32 507

Түркістан облысында төтеншеліктер 80 тонна мақтаны өрттен қорғап, қызыл жалынның таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Мақтаарал ауданының Ақалтын ауылында мақта өңдеу зауытының аумағында болған. 150 шаршы метр алаңда 40 тоннаға жуық жиналған мақта жанған.

Өрт сөндірушілер өрттің 350 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 80 тонна мақтаны өрттен қорғап қалды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда,-делінген ТЖМ мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: