Қазақстандық теннисші Зарина Дияс «Уимблдон» турнирі іріктеу додасында финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
WTA рейтингінде 967-орында тұрған Дияс әлемнің 138-ракеткасы, америкалық Сачия Викериді жеңіп кетті.
Есеп - 3:6, 7:5, 7:5.
Зарина Дияс іріктеу кезеңінің финалында әлемнің 92-ракеткасы, қытайлық Чжосюань Бай немесе рейтингіде 194-сатыда тұрған таиландтық Ланлана Тарарудидің қай жеңгенімен таласады.