"Зардап шеккендер бар": Астанада театр жертөлесінде өрт шықты

19 Ақпан, 21:03 452

Астанада Жақып Омаров көшесінде орналасқан музыкалық жас көрермен театрында өрт шықты. Екі қабатты ғимараттың жертөлесі жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, түтін басқан ғимараттан 3 адамды құтқарды. Олардың үшеуі де улану белгілерімен дәрігерлер көмегіне жүгінді.

20 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: