Заңсыз баю: қазақстандықтар «дропперлерден» ақшаны қалай өндіріп жатыр

Бүгiн, 11:33 233

Қазақстанда қылмыскерлердің «дропперлерді» қылмыстық мақсатта пайдаланатын алаяқтық фактілері жиіледі. Мысалы, Ұлытау облысында алаяқтар алдау арқылы жәбірленушінің 26 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, оның 15,4 млн теңге сомасындағы бір бөлігі «дроппердің» шотына аударылғаны анықталды.

Жәбірленуші Азаматтық кодекстің 953-бабы тәртібінде негізсіз байлықты «дропперден» өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот қарауының нәтижесі бойынша жәбірленушінің талап-арызы қанағаттандырылды, - делінген мәліметте.

Былтыр облыста сот 69 млн теңге сомасына 42 талап-арызды қанағаттандырды.

Ал биыл сот 28,3 млн теңге сомасына 13 талап-арызды қанағаттандырды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: