Бүгін Сәтпаев қаласында «Заң және азаматтық қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Заң – қоғамның тірегі, ал азаматтық қоғам – әділеттілікті сақтап, тәртіп орнатуға атсалысатын маңызды күш.
Дөңгелек үстелде құқық қорғау органдарының қызметі, заңды сақтау мәдениеті мен азаматтық қоғамның рөлі туралы пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ, бұл жиын жастар үшін құқықтық сауаттылықты арттыруға үлкен мүмкіндік болды.
Іс-шара барысында Прокуратура өкілдері тіркелген істер жайлы айтса, полиция вандализм, наркомания, сонымен қатар салымшылар туралы баяндады. Қоғамдық бірлестік төрағасы коррупция туралы пікір білдіріп, «заң мен тәртіпке» байланысты жалпылама тақырыптар қозғалды.
Прокуратура өкілі Руслан Түзелбаев баяндамасын оқып, «Президент жолдауында мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» деп өтті. Оның ішінде теріс қылықтар жасау үшін жағдайларды жою бойынша тәрбиелік, ұйымдастырушылық, құқықтық экономикалық шаралар болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының басты себебі - іс-әрекеттерінің салдарын түсінбеуі мен дұрыс бағаламауы. Қала прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің профилактикасын жетілдіру және осы қызметке көптеген ведомствоны қосу жөнінде шаралар қабылдауда,-деп түсіндірді ол.
Спикердің айтуынша, статистикалық деректерге сәйкес, былтырдан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар саны 78% - ға (9-дан 16-ға дейін), кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық істердің 41% - ға (17-ден 24-ке дейін) өсуі байқалады. Биылдың өзінде кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты және кәмелетке толмаған азаматтармен бірнеше қылмыстық іс тіркелді.
Мәселен, қаңтар айының соңында Сәтбаев қаласының аумағында бір топ жасөсөспірім азамат 3 жасөпірімге әлімжеттік танытып, ақша талап еткен. Ақшаны бермегені үшін ұрып-соғып, әр түрлі дене жарақаттарын келтірген. Аталған оқиға бойынша, алдын ала сөз байласу арқылы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтар қазіргі уақытта Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Полиция басқарамасының «Уақытша ұстау изоляторына» жабылды,-деп түсіндірді Руслан Түзелбаев.
Заңның орындалуы мен құқықтық тәртіптің сақталуы – қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Бұл - құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Қазіргі жастар – ертеңгі заңды құрметтейтін, әділетті қоғамның мүшелері. Осыған орай дөңгелек үстел барысында жиналғандарға арнайы бейнеролик көрсетілді.
Айтылған әрбір ескерту мен бейнероликтердегі ойлар заңды құрметтеудің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Тақырып аясында жастарға сөз беріліп, балалар көкейдегі сұрақтарын қойып, пікірталасқа қатысты.
Әрбір азамат заңды сақтап, өз құқығын білсе, қоғамымыз әділетті әрі тұрақты болары сөзсіз. Әділетті қоғам құру – ортақ мақсатымыз.