«Заң және тәртіп»: Өскемен жастарымен маңызды кездесу өтті

25 Ақпан, 15:30 370

Бүгін Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша маңызды кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агентті.

Іс-шара барысында қала прокуратурасының өкілі мен нарколог дәрігер тарапынан жастарға есірткінің зияны мен есірткіге тәуелділіктің салдары туралы маңызды ақпарат айтылды. Сондай-ақ, нашақорлықтың алдын алу шаралары мен заңды сақтау маңызы туралы ескертіліп, денсаулыққа тигізер ауыр зардаптарын болдырмау үшін заңға бағынудың маңыздылығы атап өтілді.

Фото: Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 30 іс-шара өткізіліп, 1500 жас қамтылды.

Фото: Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі

«Заң және тәртіп» жоспары аясында 2025 жылдың басынан бері облыстың 13 қаласы мен ауданында құқық қорғау органдарының өкілдері колледж студенттерімен және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізіп, нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты бейнероликтер көрсетілді.

«Нашақорлыққа жол жоқ!» республикалық науқаны аясында облыстық фронт-офис еріктілері облыстық прокуратура өкілдерімен және Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мамандарымен бірге 100-ден астам есірткі жарнамасы жазылған граффитиді өшірді.

Есірткі заттары бойынша 20 түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Айта кету керек, қалалар мен аудандарда «Спорт – есірткіге қарсы» акциялары өткізілуде.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: