Заң мен тәртіп: студенттер арасында кәсіби шеберлік сайысы өтті

Бүгiн, 16:58 183

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында білім алушылар арасында  «Фемида-2025» кәсіби шеберлік сайысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары  Айдос Жүнісов және университеттің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев төрелік жасады.

Сайысқа «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінен құралған бес команда қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынады. Әр команда өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салып, 5 балдық жүйе бойынша бағаланды.

Іс-шара студенттерді әділдік пен жауапкершілікке баулып, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Ю-24-7» – І орын, «Ю-24-1» – ІІ орын және «Ю-24-9» командасы – ІІІ орын иеленді. Ал Бас жүлде «Фемида-2025» «Ю-24-3» командасына бұйырды. Үздік командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: