Заң мен тәртіп: Ақтауда бюджет қаражатын ұрлаған есепші сотталды

Бүгiн, 15:19 140

Ақтау қаласының прокуратурасымен балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талдау барысында №39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды.

Көрсетілген дерек бойынша сотпен есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: