Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Назарбаевтан қорқатынын айтты

26 Сәуір 2023, 17:10 6002

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында берген сұхбатында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтан қорқатынын айтты, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол өзіне қасқана қастандық жасалса, кімді кінәлауы мүмкін екенін айтты.

Әкеме тапсырма берген адам. Оны бәріміз білеміз. Мен кетсем де халық сұрайды. Назарбаевтан (несінен) қорқамын. Сол жақтан шығуы мүмкін. Айтамын. Қорқып тұрған жоқпын ол жағынан. Бәрі біледі оны. Кейбіреулер айта ала ма, айтпай ма. Мен айттым. Сол жақтан шығады, - деді ол.

Қайрат Нұрқаділов суицид жасамайтынын, қандай да бір жағдай болса, халық оған сенбеуі керек екенін жеткізді.

Жоқ. Револьверім де жоқ. Жоқ (өз-өзімді атуым мүмкін емес - еск.). Сенбеңдер (cуицид жасайтыныма - еск.). Құдай қаласа, 30 жылдай тұруым керек. 80-нен асып, одан кейін көре жатармыз, - деді Қайрат Нұрқаділов.

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: