Заманауи космонавтика мәселелері мен болашағы!

2 Шілде 2014, 05:23

60-шы жылдары ғарышты игеруде үлкен қадамдар жасалды. Алайда кейінгі жылдары талпыныстар саябырлай түсті.

60-шы жылдары ғарышты игеруде үлкен қадамдар жасалды. Алайда кейінгі жылдары талпыныстар саябырлай түсті. Жерге жақын орбитаны пайдалану мен бірнеше ғаламшарларға серіктер жіберумен шектеліп қалып қойды.

Көзге бәрі анық көрінгенімен де бұл саланың дамуының өзіндік заңдылықтары бар. Сол негіздерді түсіну қазіргі космонавтикадағы жағдайды түсіндіре алады.

Басты мәселелері

1.    Орбитаға жүктерді арзан жеткізу

Жүкті орбитаға жеткізу құны өте қымбат. Себебі, ғарыш зымыранына салынатын әрбір килограммды орбитаға шығару үшін қосымша энергия керек. Бұның барлығы зымыранның салмағының артуына алып келеді. Осы мәселені шешу үшін Space Transportation System жобасы іске асырылды. Сол жоба аясында барлығына белгілі Спейс Шаттл жасалынды. Бірақ жаңа концепция болса да, алдыңғы өкілдерінен алысқа кете алмады. Аталған мәселені Skylon немесе ғарыштық лифт шеше алады.

Ғарыштық лифт

ХХІ ғасырда нанотехнология мен физика тоғысқан жерде лифтіні жасау арман шындыққа айналатындай. Қазіргі ғылымның жетіктістері құрылысты тиімді жүргізу үшін пайдаланыла алады. Алайда оны ашық ғарыш кеңістігінде іске асыру көп ресурстарды қажет етеді.

2. Радиация в космосе

Ғарыштағы адамның денсаулығына ең көп зардап тигізетін – радиация. Адам бір жылда алатын радиация көлемін ғарышкерлер бір күнде алады. Бұндай көлемдегі залал адамның рак ауруына шалдырады. Сонымен қатар жалпы иммундық жүйені әлсіретеді. Әлі күнге дейін ғарыш кемелерінде радиациямен тиімді күресетін технология ойланып табылмады.

3.Техниканы жөндеу қиыншылығы

Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) құрал-жабдықтар сынып қалған жағдайларда құралдар мен материалдарды тез арада жеткізу өте қиын. Ал егер де ертең Ай мен Марстағы кемелер сынатын болса? Техниканы жөндеу қиыншылығы көптегер ірі жобаларды іске асыруға кедергі болып отыр. Мысалы, марста жүретін техника жібердік көп көлемде, оған қаржыны салдық, алайда Марста істен шығатын болса, оны ешкім жөндей алмай қалады. Бірақ бұл мәселені 3D принтерлер шеше алады. ХҒС алғашқы тәжірибелік принтерлерді жіберу жоспарда. Олар ғарыш сапарларында керекті техниканы басып шығара алар еді. Технология дамыту арқасында орбита үлкен зауыттар салуға да болады.  

Ғарышты игеруді жылдамдату

Қазіргі заманда нарықтық қатынастар алдыңғы орында тұр. Жаңа саланы игеру үшін ол экономикалық тиімді болуы керек. Сол секілді қазіргі ғарышты егерудегі басты мәселе – адамдар одан тез арад пайда алатын жағдай көріп тұрған жоқ. Бірақ ол ұзаққа созылмайды. Осы күндердің өзінде жекелеген компаниялар ғарышты коммерциялық игерудің алғашқы бастамаларын қолға алуда. Астероидттар мен ғаламшардан пайдалы қазбаларды игеру үлкен пайданың көзі. Өндірілген қазбаларды Жерге жылдам жеткізудің технологиясы пайда болсымен ғарышты игеру күнделікті өмірге айналады. Екінші бағыт, ғарыш туризмі. Адамдарды әрдайым аспан қызықтырды. Ғарышқа саяхатқа барып қайти үшін көп адамдар көп ақша төлеуге дайын. Бұрында тек мемлекеттердің жобалары аясында ұша алатын туристер, енді ұшаққа отырып ғарышқа барып қайта алады. Иә, кәдімгі ұшақ, зымыран емес. Бірақ бір ерекшелігі қозғалтқыштары реактивті ұшақ. Сонымен қатар ғарышқа сапарға бару құны 10 есе төмендеді. Бұрынғыдай 10-20 млн доллар емес, 200 мың доллар. Бизнестің ғарышты игеруі, ғарышты бізге бұрынғыдан да жақын етеді.

Дереккөзі: http://habrahabr.ru/sandbox/84007/

Бөлісу: