20 Қыркүйек 2016, 06:15
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Еуропа және Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның өңірлік директоры Аргентина Сабадошпен кездесті.
Кездесуге қатысушылар адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың жалпы мәселелерін талқылады.
Министр Қазақстандағы осы бағытта жасалып жатқан шаралар туралы ақпарат беріп, елдегі көші-қон ахуалымен таныстырды. ІІМ-нің ХКҚҰ-мен бірлескен жобалары туралы айтты.
Қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі жандандыру туралы пікір алмасып, адам саудасының құрбандарына көмек көрсету, адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу, тергеу мақсатында ақпарат алмасу, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
Алмас САУДАМБАЙ