Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік сотталды

22 Қыркүйек 2022, 10:01 1869

Кінәліге 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментімен «Стоп игра» шұғыл іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталған, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында жүйелік блоктар, мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка ойын аппараты, чек шығаратын құрылғы және басқа да техника құралдары анықталып, тәркіленді. 

Іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы  тағайындалған.

Еске сала кетейік, «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, Казино мен ойын автомат залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.

Бөлісу: