Қызылордада неміс этносының мәдени күні аталып өтті

5 Желтоқсан 2019, 16:31 2133

Қызылордадағы Достық үйінде неміс этносының мәдени күні өтті. Шара басталмас бұрын келген қонақтар қолөнер көрмесін тамашалады.


Мәдени күн аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова неміс этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттай отырып, бірлестіктің жеткен жетістіктерін атап өтті.


«Жақында ғана бүкіл ел мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтті. Мерекенің басты мақсаты Тұңғыш Президенттің жетістіктерін тану, сондай-ақ елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған қоғамды топтастырудың бірегей институты. ҚХА Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің шынайы сақтаушысы.

Біздің елімізде Қазақстан этностарының мәдениетін, тілдерін жаңғырту мен дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Этностардың мәдениет күндері салт-дәстүрмен, тарихымен, тіпті ұлттық ас үйімен жақын танысуға мүмкіндік береді.

Дәстүр бойынша мен орталықтың басшысы Шек Ирина Николаевнаға, оның белсенділеріне қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деді Л. Төрешова.


Сонымен бірге, неміс этномәдени бірлесітігінің жетекшісі Ирина Шек бірлестік тарапынан Тереңөзек кентінен келген «Достық» ансамблі, Александра Кокшарова және Константин Луцаны марапаттады.


Бөлісу: