Юсуф Ашрапов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

4 Қыркүйек, 22:20 368

Күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда жеңіліс тапты. 

Ол ақтық сында ирандық Ахмедреза Мохсен Нежадтан 2:0 есебімен ұтылды. 

Осылайша, Ашрапов әлем біріншілігінің күміс медалін иеленіп отыр. Бұған дейін қазақстандық «классиктер» Испания бозкілемінен үш қола медаль жеңіп алған болатын. 

Зарина Арман
Бөлісу: