Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізеді

3 Ақпан 2023, 11:18 1685

Министр Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды. Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді.

Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастыруда. 200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда.

Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпейді - жауын-шашынның жаууы күтілуде. Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штабтар, "жедел желі" жұмыс істейді.

Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрінің Түркістан облысына баратындығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында су бұру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ал Кентау қаласы мен Сауран ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкіндігін хабарлаған болатынбыз.

EL.KZ
Бөлісу: