Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Монреаль WTA 1000 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз әлемдік рейтингте 860-орында тұрған канадалық Мия Купреспен кездесіп, бірінші партияда 2:6 есебімен есе жібергенімен, одан кейін айқын басымдылық танытып, жеңіс туын желбіретті. Нәтижесінде 6:2, 6:0 есебі тіркелді.
102 минутқа созылған тартысты ойында Ю.Путинцева 10 брейк-пойнттың алтауын өз пайдасына шешті. Қарсыласы 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленгенімен, жеңіске жету мүмкіндігі төмен болды.
Енді ол іріктеу сайыстарының финалында аустралиялық Кимберли Биррелмен сайысқа түседі. Оны жеңсе, 7 тамызда басталатын негізгі жарысқа жолдама алмақ.