Юлия Путинцева Майами турнирінде ширек финалға жолдама алды

26 Наурыз, 02:00 778

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің №68-ші ракеткасы) Майамиде өтіп жатқан WTA-1000  турнирінде үшінші кездесуін өткізіп, ширек финалға жодама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық ойыншы украиналық спортшы Ангелина Калининамен (WTA сериясы бойынша №36-шы ракетка) кездесіп, екі сетте 6:4, 7:6 жалпы есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 19 минутқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық теннисші бірде-бір қос қате жібермеді.  

Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық спортшы Виктория Азаренка (Беларусь) - Кэти Боултер (Ұлыбритания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: