Қазақстанның екінші, әлемнің 68-ракеткасы Юлия Путинцева Гонконг WTA 250 турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы - ресейлік Анна Блинковамен кездесті.
Бірінші партияда ресейлік спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Путинцева есе қайырды - 6:2.
Үшінші, шешуші сетте есеп 1:5 болған сәтте қазақстандық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 53 минутқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Блинкова 3 эйс, 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.