Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Лейла Фернандеспен (Канада) жұптасып, Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда Путинцева мен Фернандес ресейлік-чехиялық дуэт – Диана Шнайдер мен Линда Носкованы жеңді. Есеп: 6:3, 6:4 есебімен.
Финалда Путинцева мен Фернандес енді америкалық Эйжа Мухаммед және жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен кездеседі.