Қытай Халық Республикасының Төрағасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

12 Қыркүйек 2022, 13:06 1186

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Бөлісу: