Ыстық күндері алыс сапарға шыққанда нені ескеру керек?

17 Шілде 2023, 11:52 976

Ішкі істер министрлігі ыстық күндері сапарды жеңілдететін және әртүрлі қиын жағдайларда көмектесетін бірнеше ережені ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Алыс қашықтыққа сапарларды таңертең немесе кешке, күн жоқ кезде жоспарлаңыз;

Медициналық көмек қобдишасы мен суды жүксалғышта емес, өз жаныңызда ұстаңыз;

Қатты ыстықта көктайғақта қозғалғандай жүріңіз, себебі жоғары температура жағдайында асфальт өзінің қасиеттерін жоғалтып, тайғақ болады;

Салқындату жүйесін үнемі бақылап отырыңыз, термометрдің қызыл аймаққа шығуына жол бермеңіз;

Оқи отырыңыз:

Бакты толық толтырмаңыз, өйткені жоғары температурада дизель отыны мен бензиннің көлемі ұлғаяды, белсенді булану жүреді. Мұндай жағдайларда өрт шығу қаупі бар. Осыған байланысты сапар алдында жарамды өрт сөндіргіштің бар-жоғын тексеру қажет;   

Жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар жүргізушілерге қатты ыстықта жол жүрмеуге кеңес береміз. Жағдайыңыз күрт нашарласа, көлікті дереу тоқтатып, басқа жүргізушілердің назарын өзіңізге аударыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз, құтқару қызметіне не полицияға қоңырау шалыңыз;

Миражан Махан
Бөлісу: