Ыстанбұлдағы жарылысты ұйымдастырған лаңкестің көзі жойылды

24 Ақпан 2023, 23:18 4128

Ол күзде Таксим ауданында болған жарылысты ұйымдастырған

Түркияның Ұлттық барлау ұйымы Сирияның солтүстігінде арнайы операция жүргізіп, Халил Менджи есімді сириялықтың көзін жойды, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Оның Ыстанбұлдың Истиклал көшесіндегі терактіні жоспарлауға және ұйымдастыруға белсенді қатысқаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 13 қарашада Ыстанбұлдың Таксим ауданында жарылыс болып, салдарынан алты адам қаза тауып, 81-і жараланған еді.

Түркияның арнайы қызметі таратқан деректерге сәйкес, Менджи терактіні жасауға екі орындаушы – Ахлам Албасхир Салеху мен Билал Хассанды жіберіп, соңғысы оның көмегімен шетелге қашып үлгерген. Ал 22 ақпанда Камышлы ауданында лаңкестік әрекетті ұйымдастырушы Халил Менджинің көзі жойылды.

Халил Менджи YPG (PKK лаңкестік тобының сириялық қанаты) мүшесі болған.

АҚШ пен Еуропалық одақ РКК-ны террорлық ұйымдар тізіміне енгізген.

EL.KZ
Бөлісу: