Ыстамбұл су астында қалды: көз жұмғандар бар

6 Қыркүйек 2023, 10:16 780

Ыстамбұлда толассыз жауған жауын су тасқынына ұласып, қалада қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды,

Башакшехир ауданында су астында қалған бір адам көз жұмды, - деп хабарлады TRT Haber телеарнасы.

Көп ұзамай тағы бір адамның қайтыс болғаны расталды.

5 қыркүйекте шаһарда сел жүріп өтті. Қала мэрі Экрем Имамоглудың айтуынша, Арнавуткёй және Башакшехир секілді солтүстік аудандар көбірек зардап шеккен.

Осы аудандардың бірінде орналасқан кітапханада жергілікті тұрғындар қамалып қалған. Кейіннен олар аудандық әкімшілік ғимаратына көшірілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: