Түркияның Ыстамбұл аумағында болған жер сілкінісінен кейін 20-дан астам тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, магнитудасы 6,2 балл болған негізгі зілзаладан кейін бірнеше сағат ішінде Мәрмәр теңізі аймағында 20-дан астам афтершок болған. Олардың магнитудасы 5,0-ден 1,6-ға дейінгі аралықта ауытқыған.
Қайталама сілкіністер Ыстамбұлдың түрлі аудандарында және көршілес провинцияларда сезілген. Сарапшылар афтершоктар алдағы бірнеше күн ішінде де жалғасуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақыруда.
Бұған дейін 23 сәуір күні сағат 12:49-да жергілікті уақыт бойынша Силиври қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде магнитудасы 6,2 балл болатын жойқын жер сілкінісі тіркелгені хабарланған еді.