21 Тамыз 2014, 09:52
Ұлыстар, тіпті тайпалар ара қақтығыс, талан-тараж жиі, ұлыс ішіндегі əралуан қайшылықтар жетерлік заманда, тайпалық одаққа бірігу зəрулігі күшейіп қана қоймай, оның күштілеріне келіп паналайтындар да көбейе түсетіні табиғи. Бұл барыста тайпалық одақтың ноқта аға тайпасы тіпті үстем орынға көтерілді, оның көсемі қолына анағұрлым зор билікті де, байлықты да, қолды да, құлды да жинай түсті. Мəртебесі тіпті көтеріліп, мысы анағұрлым асты. Сонымен алғашындағы сайлау арқылы таққа шығудың орнын мұрагерлік басты да, сайлауды жүргізетін тайпа көсемдер алқасының (ТКА) рөлі төмендеп, тек ерекше жағдайда (мысалы, тақтағы үстемгер кенет қайтыс болғанда, т. б. ) ғана күшін көрсететін болды.
Бұл кездегі Үйсін мемлекетінің билік басындағыларды тарата айтсақ, төмендегідей: Күнби - Үйсін ұлысының қағаны, патшасы. Аса күшті билік пен ең жоғарғы мəртебеге ие, бүкіл елдің саяси, əскери, мəдени, шаруашылық құқығын уысына мықтап алған тұлға. Мұндағы күн - кəдімгі ғарыштағы өз системамыздың жарық көзінің түрік тілділерге ортақ атауының қытайшаға дыбыстық аудармасы (қытайлар оны тəйяң дейді). Ал, ми, мо дегендер би дегеннің (қазіргіқазақшада əлі де қолданылып келе жатқан атаудың) қытайшаға дыбыстық аудармасы. Бəлкім бүгінгі би деген сөзіміз əуелде бастағы ми дегеннен шыққан да болар. Тіл өзгерісі барысында Б мен М ның ауысатын жағы тағы бар. Ғұлама ғалым атамыз Махмұт Қашқари мың жыл бұрын: “Сөз басындағы М əріпін оғыз, қыпшақ жəне суварлар Б əріпіне айналдырып айтады” деген екен. Расында да Шадыман Ахметұлы айтқандай: “бұл құбылыс говордан ғана емес, əдеби тілден де мықтап орын алғаны белгілі. Мысалы, мауыздау-бауыздау, мейнет-бейнет, мейіл-бейіл, мекіре-бекіре, мойы-бойы, мешпет-бешбет, мұны-бұны”. Демек ми мен би туралы осыны ескергенде, қытайшадағы күнми түрінде жазылғанның күнби екеніне титтей де дау жоқ. Ал, ескіше Хəн тіліндегі кей диалекттерде би деп те оқылыпты.
Жоғарыдағы сайт авторларының: “Сақтар хандық түзім жүргізді. Елін төрт бөлікке айырып басқарды. Əр бөлік бірнеше регионға бөлінді. Əр регионды бір ұлық басқарды. Іс жүзінде бұл ұлық сол тайпаның көсемінің мұрагерінен-ді. Сақтар құлдық қоғамға енгенімен ру, тайпа жəне тайпалық одақ ұйымын сақтады. Əр дəрежелі ұлықтардың құқығы өте зор болды. Ал, хан билігі оның бəрін басып түсетінді” дегені өте орынды. Ал осы сақтардың ізбасары - үйсіндер бұған да мұрагерлік етті. Олардың ханы күнби болатын.
Дар (Далу) - уəзір. Мұндағы дар дегеннің қазіргі қазақ тілінде “дардай үлкен” деген сөз тіркесінде бүгінде де кезігетіні белгілі. Дар - күнбиден кейінгі, əкімият, қарулы күш жағындағы жоғары билік иесі. Чин əулетіндегі ұқсайды. Мына “шяң да лу дегендегі алғы иероглиф “шяң” Хəн тіліндегі уəзір дегендік. Ол бұл араға артындағы “дар” дегенді түсіндіру, уəзір лауазымы екенін білдіру үшін қыстырылған секілді. “Ол Хəн əулеті сарайының бас уəзірімен шендес болғандықтан қытайша “шяң” деп аударылған. Бірақ оның ісжүзіндегі қызметінен алғанда, оның қолында əскери билік те болды. Бұл мүзəлімді көп ретте жоғары дəрежелі ақсүйектер иеледі. Елжау күнби болып тұрғанда, үлкен ұлы тақ мұрагері, қалға атанса, екінші ұлы “дар” болды. Мұның жай мəртебе еместігін осыдан-ақ аңғаруға болады” дегенге қарағанда, оның құқығы Хəн əулетінің уəзірінен де жоғарылау.