Қысқы Олимпиадада сәтсіз өнер көрсеткен қазақ қызы жылап жіберді

8 Ақпан 2022, 16:02 2432

Аспанасты еліндегі Қысқы Олимпиадада сәтсіз өнер көрсеткен қазақ қызы, белорусь биатлоншысы Динара Әлімбекова көз жасына ерік берді. Ол 1 қателік жіберіп, бесінші орынға табан тіреді деп жазады championat.com.

2018 жылы өткен эстафета бойынша Олимпиада чемпионы бір ағаттық жібермеген жағдайда алтыннан үміткер еді. 

Мен қазір жабырқау мен өкініштен басқа ештеңе сезініп тұрған жоқпын. Ешқандай эмоция жоқ. Мен тоңдым әрі шаршадым. Менің қолымнан келер еді... Ататын кезде біраз асығыстық жасадым деп ойлаймын. Барлығында асықпай, сапалы аттым, ал ең соңында мүлт кеттім. Зейінімді жоғалтып алған сияқтымын, - деп атап өтті Динара Әлімбекова «Беларусь 1» арнасына берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, отандасымыз, Қарағанды облысының тумасы, 26 жастағы Динара Әлімбекова Беларусь елінің құрамасы сапында қатысты. Динара үш жасқа толғанда ата-анасы Беларусь еліне көшіп кеткен. Алғашында шаңғы спортымен айналысқан Динара 2008 жылы биатлонға ауысады.

baq.kz

 


Бөлісу: