3 Қазан 2014, 03:49
«Бұған байланысты Норвегия үкіметі барлық талаптарды орындауға дайын емес. Осло қаласы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартады» деген мәлімдеме жасады.
2014 жылдың шілде айында Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылқы Қысқы Олимпиада ойындарына үміткер қалалардың үштігін жариялаған болатын. Ол қатарда Пекин (Қытай), Осло (Норвегия) және Алматы (Қазақстан) қалалары болған еді.
Сондай-ақ, осы тізімде Львов (Украина), Стокгольм (Швеция) және Краков (Польша) секілді қалалар да болған.
2022 жылғы Ақ Олимпиада ойындарына үміткер бас-аяғы алты қала болған еді:
Швецияның астанасы Стокгольм алғаш болып өтініш жасаған қалалардың бірі еді. Әйтсе де, 2014 жылдың басында Стокгольм мэрі Олимпиада ойындарынан бас тартты.
Польшаның Краков қаласы референдум өткізгеннен кейін (2014 жылдың 25-мамырында) Олимпиада ойындарын өткізуге туралы өтінішін қайтарып алды.
Украинаның Ұлттық Олимпиада комитеті елдегі шиеленіскен саяси жағдайды ескеріп, Львов қаласы 2026 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына таласады деген шешімге келді.
Швецияның Осло қаласы 2014 жылдың 1 қазанында қаржылық жағдайға байланысты әлі дайын емес екендігін мәлімдеді.
Ендігі ретте, 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер екі қала қалды. Олар – Алматы және Пекин.
Алматы қаласы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге алғаш болып ресми өтініш жасаған қала (2013 жылдың тамыз айының ортасында). Егер Алматы қаласының өітініші мақұлданса, Қазақстан мемлекеті посткеңестік елдер арасынан ең алғаш боп Олимпиада ойындарын өткізген елге айналады (Бұл тізімге 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген Ресейді қоспағанда).
Ал Қытай елінің екі бірдей қаласы қатар өтініш білдірді. Олар – Пекин және Чжанцзякой қалалары. Егер Халықаралық Олимпиада комитеті Қытай елінің өтінішін мақұлдаса, Пекин қаласы жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған әлемдегі тұңғыш қалаға айналады.
2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы 2015 жылдың жазында белгілі болады. ХОК-тың (Халықаралық Олимпиада комитеті) бағалаушы комиссиясын Ресей Олимпиада комиететінің президенті Александр Жуков басқарады.
2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. ХОК басшылары Қысқы Олимпиада ойындарын қатарынан екі рет Шығыс Азияда өткізуді жөн көрмейтін болса, Алматы қаласының үміті орасан. Оның үстіне Алматы қаласы 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарын өткізгендігін еске алсақ, мүмкіндігі де жоғары. ХОК басшысы Жак Рогге 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарын өз көзімен көзімен көріп, Алматы қаласының мүмкіндігіне оң бағасын берген еді.
Әзірлеген – Жандос Байділда.