Ұлттық банктің баспасөз қызметі ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесін жариялады, деп хабарлайды El.kz
Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында тіркелді (тамыздағы 17,3%-дан қыркүйекте 20,0%-ға дейін).
Азық-түлік бағасының өсу қарқыны қыркүйекте 22,2%-ға дейін ұлғайды (тамызда – 20,8%). Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында барынша өсті (29,7%).
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 17,0%-ға дейін жеделдеді (тамызда – 15,5%). Ең жоғары мән Астана қаласында (26,3%), ең төменгі мән Алматы қаласында (13,8%) тіркелді.
Ақылы қызмет көрсету бағасы қыркүйекте 12,3%-ға өсті, бұл ретте жалпы республикалық деңгейден едәуір жоғары баға Ұлытау облысында (16,5%) тіркелді, Ақтөбе облысында (8,2%), керісінше, едәуір төмен өсті.
2022 жылғы қыркүйекте елде айлық инфляция 1,8%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда (2017-2021 жылдары: 0,3%) қыркүйек айындағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары көрсеткіш.
2022 жылдың қыркүйек айында баға барлық өңірде орташа тарихи нормасынан жоғары болды. Айлық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында (2,8%) байқалды.