Ырғыз ауданындағы екі ауылда бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда

26 Мамыр, 16:36 614

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қос елдімекенде тәулігіне 1500 қап және 490 тонна инертті материалдар төселді.

Алдын алу шараларын құтқарушылар және ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімі жүргізуде.

Бұған дейін ШҚО-дағы Боран ауылында бір күнде ұзындығы 190 метрлік қорғаныс жағалауы жасалғанын жазған едік.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: