Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды

2 Шілде 2022, 11:08 2431

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі хабарлады

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 2 шілде күні 6 сағат 56 минутта жер сілкінісін тіркеді, —  деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

—  Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0. Mагнитудасы -4,5. Тереңдігі - 25км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ, —  делінген хабарламада.

Бөлісу: