30 Қараша 2016, 04:44
Аталмыш мәдени шараға Армения, Әзірбайжан, Беларусия, Қазақстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен ғылым және шығармашылық өкілдері қатысты.
Сондай-ақ форум аясында Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан әдебиетінің орталығы» ашылды.
Мақсат – қырғызстандық оқырмандарға Қазақстанның сан алуан саладағы жетістіктерін көркем әдебиеттер арқылы жеткізу.
Қазақстан әдебиетінің орталығына Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «На пороге XXI века», «G-Global the world of the XXI century», «Когда мысль – материальна» атты кітаптары, сондай-ақ, елбасының еңбек жолына арналған кітаптар, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) және тағы басқа да кітаптар қойылған. Барлығы – 100-ден аса кітап.
Бұл өз кезегінде ТМД елдері қатарындағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рухани-мəдени байланыстардың дамуының нығая түсуіне тағы да бір серпін бере түспек.
Бауыржан Сегізбаев,
ҚР Ұлттық академиялық
кітапханасының қызметкері