YNTYMAQ партиясы ресми түрде тіркелуі мүмкін

14 Наурыз, 12:19 1293

Әділет органдарына жаңа саяси партияларды тіркеуге қатысты 17 өтініш түскен, бірақ олардың барлығы бірдей тіркелмеген. Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар ол YNTYMAQ партиясына қатысты да пікір білдірді. Жақселекова аталған партия осымен оныншы рет өтініш бергенін алға тартты.

Шыны керек, министрлікке түрлі бастамашыл топтардан, оның ішінде YNTYMAQ бойынша да өтініш түсті. Қазіргі уақытта бастамашыл топқа растау берілді. Білуімше, олар тіркеуге құжаттарын дайындап жатыр, - деді ол.

Вице-министр бастамашыл топтардың көпшілігі өтініш беруде жиі қателесетінін алға тартады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: