Қазақстандық Алина Ертөстік Италияда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі әйелдер күресінен әлем чемпионатында үшінші болды, деп хабарлайды El.kz ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Спортшы 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Жартылай финалда Алина кейіннен әлем чемпионы атанған Приядан (Үндістан) жеңіліп қалды. Үшінші орын үшін болған белдесуде Алина америкалық Кайулани Гарсиямен кездесті. Алина Ертөстік қарсыласынан мықтырақ болып шықты.