15 Тамыз 2014, 05:50
- Егер әйеліңіз бір нәрсені қатты қалап жатса, қалағанын алып беруге тырысыңыз. Өйткені ол сонысын бәрібір алады, бірақ басқа біреуден;
- Біздің гардеробта қанша киім болғанымен, киетін ештеңе жоқ;
- Әрдайым сұлу болып жүру оңай емес. Мысалы өзіңіз жыл бойы аптасына 7 күн, күніне 25 сағат демалмастан жұмыс істеп көріңізші;
- Шын мәнісінде әйелдердің қолынан бәрі келеді, тек күйеуін ренжітіп алмайын дейді;
- Әйелдерге көз жасы арқылы бар нәрсеге қол жеткізуге рұқсат;
- Әйелдерге «жылы сөйлесең болды» деп ойламаңыз, әйелдер де өздерін тыңдағанды қалайды.
- Егер білмесеңіз, алдау мен жасырып қалу – екеуі де бір нәрсе.
- Әйелдер күйзелісті еркектерге қарағанда тезірек әрі оңайырақ жеңеді.
- Егер жанжалдасқан кезде біздің дәлеліміз таусылып қалса, біз тырнағымызды бояуға кетеміз.
- Тырнақтың астындағы кір сіз сұхбаттасып отырған адам алдында сіздің абыройыңызды айрандай төгеді, әсіресе егер сіздің алдыңызда әйел адам болса;
- Еркектерді мықты ететін әйелдер;
- Ешқашан да аналарыңызды ұмытпаңыз, өзіңіздің де жолдасыңыздың да;
- Егер әйелдің жанында оны нәзік әрі әлсіз жасайтын еркек болмаса, әйелдер құбыжыққа айналуы мүмкін;
- Әйелдер ешқашан өркениетті алға жылжыта алмайды, өйткені олардың жұмыстары бастап асады;
- Мықты еркектің жанында қарапайым да ақымақ әйел болып көріну өте қолайлы;
- Егер әйел әрі сұлу әрі ақылды болып туылса, осы екеуінің бірінен құтылмайынша, өмір бойы қиналып жүреді;
- Әйел өзінің дәп нені қалайтынын анықтамайынша, оны алдап-арбауға болады, содан кейін – кезек сіздікі;
- Сіздің кім екеніңізді – дос па, көңілдес пе әлде өмірлік серік болатыныңызды анықтау үшін бізге 30 секунд жеткілікті. Қалғандары (гүл, кино, ресторан) – жәй ғана сыпайылықтар.
- Әйелге қалай білдіртпей опасыздық жасауға болады? Сіз осы сұрақты ойлай бастағаныңызды, әйеліңіз әлдеқашан сезіп тұрады;
- Егер біз сіздің жаныңызда әлсіз болып көрінсек, ол жақсы белгі. Өйткені біз ғашық болған кезде, біздің бойымызды қорқыныш пен өзімізге деген сенімсіздік билейді;
- Біз шынымен де еркектердің батыл әрекеттерін бағалаймыз. Таңғалып, қуанғанымызды көрсетпесек те, әсіресе таңданысымыз бен қуанышымызды көрсетпеген жағдайда;
- Біз үшін сіздің қалай киінетініңіз бәрібір емес, киім – адам жанының жай-күйі;
- Тек шынымен де тартымды адамдардың сыртынан әңгіме айтылады;
- Әйел «қалағаныңды істе» десе, сол нәрсені жасамаңыз!
- Үндістанда аяғы ауыр әйелге, жанына келіп темекі тартып тұрған кез келген адамды таяқпен ұруға рұқсат;
- Дауысы көтеріңкі болған сайын, мінезі жеңілтек болып келеді.