Ахмет Ясауи университетінде офлайн және онлайн форматта I Халықаралық түркі әлемі биология конгресі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Шараға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грекия, Жапония, Үндістан сынды жалпы саны 24 елден 150-ден астам ғалым қатысқан болатын.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған конгреске «Қазіргі ғылымдағы инновациялық тәсілдер: биоалуантүрлілік және өсімдіктер генофондын сақтаудың өзекті мәселелері» атты негізгі тақырып арқау болып отыр. Ал алдағы уақытта биология саласындағы өзекті мәселелер талқыланатын халықаралық жиынды дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланған.
Алғашқы конгрестің ашылу салтанында сөз алған университет ректоры Жанар Темірбекова оқу орны құрылғаннан бері түркі әлеміндегі жан-жақты мәселелерді зерттеу және талқылау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіп келе жатқанын атап өтті.