Ұйғыр жастары қайырымдылық жаңа жылдық мерекесін өткізді

24 Желтоқсан 2018, 02:46 2811

18 желтоқсан күні Алматы Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.

Алматы Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.

Іс-шараны Алматы қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Республикалық ұйғыр этномәдени орталығы, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігі, «Патша көңіл» қайырымдылық клубы мүшелері ұйымдастырды.

Аз қамтылған отбасының, БЦП диагнозы бар балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысқан «Балалар жүрегіндегі ертегі» мерекесінде оларға ойын-сауық бағдарламалары көрсетіліп, демеушілер ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту етті.

«Қазақстан ұйғыр жастары одағы» АҚБ төрағасы Рустам Кайрыев: «Жыл сайын балаларға жаңа жылдық шырша мерекесін өткіземіз. Біз үшін бұл өте маңызды. Еліміздің ертеңі біздің ұрпағымызға аманат. Қайырымдылық – адам жанын нәзік ететін қасиет. Осы қасиетті бүгінгі күні біз ұрпағымызға көбірек дарытуымыз қажет», – деп, ұйымдастырушылардың мақсатымен бөлісті.  

Мерекеден үлкен әсер алған жасөспірімдер де өз өнерлерін көрсетіп, қуаныштарымен бөлісті.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: