Ұйқы маңыздылығы

1 Тамыз 2014, 06:54

Адамның ұйқы сапасы оның циклдары мен ояну үрдісіне тікелей байланысты. Осы циклда екі негізгі ұғым бар:

Ғалымдар ұйқыны зерттеуді жақында ғана бастады. Ұйқы мәселесімен айныласатын зерттеу орталықтары Гарвард және Пенсильвания университеттерінде пайда болды. Көптеген зерттеулернен негізінде ұйқының әртүрлі тұстары зерттелді. Бірақ әлі де болса бұл салада ашылатын жаңалықтар жетерлік.

Ұйқы туралы ғылымның алғашқы қадамдары

Ұйқыны зерттеумен айналысатын ғылым – хронобиология. Ғылымның алғашқы зерттеушісі мишель Сиффр болған. Ғалым тәжірибелерді өзіне қойған. Үңгірде арнайы үй жасақтап, сонда тұрған. Тәжірибе барысында сағат, басқа да уақыт өлшейтін құралдар болмаған, сыртқа шығып та жағдайды білуге болмайтын. Осындай жалғыздықта ғалым көптеген айлар үңгірде болды. Бірнеше күннен кейін Сиффрдің биологиялық сағаттары қосылды. Ол жайында өз естіліктерінде: «Менің ұйқым тамаша болды. Ағзам ұйықтау үрдісін өзі реттеп алды. Ұйқы мен жұмыс циклы 24 сағат емес, 24 сағат 30 минутка тең болды»-деп, жазады. Осы тәжірибеден кейін ғалымдардың ұйқыны зерттеуде қызығушылығы артты.

 

Қанша уақыт ұйықтау керек

Қаншалықты ұйқы керек? Әр адам үшін ол әр келкі болу мүмкін. Бірақ ұйқының ортақ көрсеткіштері болады. Ұйқының жеткіліксіздігі жинақталу қасиетіне ие. Уақыт өте келе ол жинақталып, нейробиологиялық әсер етеді. Ұйқы жетпеген кезде когнитивті қабілеттеріміздің әлсіреген байқамаймыз. Өмір сүру жылдамдығының артуы, стресстердің болуы ұйқыға деген қажеттілікті арттырады. Ұйқыға жұмсалуы керек сағат жоғалса, оның өзіндік құны бар. Мысалы, зерттеулер бойынша ұйқының қанбауы АҚШ бизнесіне жылда $100 млрд алып келеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тиімді ұйқының уақыты 7 пен 7,5 сағат аралығы. Мамандардың ортақ пікірі бойынша өте жоғары өнімділік көрсету үшін 7 мен 9 сағат ұйқы керек.

Ұйқы қалай жұмыс істейді: ұйқы циклдары мен ояну

Адамның ұйқы сапасы оның циклдары мен ояну үрдісіне тікелей байланысты. Осы циклда екі негізгі ұғым бар:

Жай ұйқы фазасы (көбіне терең ұйқы деген атпен белгілі).

Тез ұйқы фазасы.

Жай фаза кезінде дене босаңсып, тыныс алу баяулап, қан қысымы түседі, ми сыртқы қоздырғыштарға жауап бермей, тыныш күйде болады. Осы кезең ағзаның қалпына келуіне өте маңызды. Иммундық жүйе қалпына келеді. Ағзаның өсуіне қажетті гормондар бөлінеді. Тез ұйқы фазасы ми үшін аса қажетті. Осы кезеңде күні бойы алынған ақпарат өңделеді. Нейрондық байланыстар күшейе түседі. Соңғы 24 сағат ішінже алынған тәжірибені өңдеп, керек емес ақпаратты өшіріп, алынған ақпараттарды өзара байланыстырады. Сол себепті уақытылы әрі сапалы ұйықтай білу керек. Бірақ ағзаның жасы өзгерген сайын ұйқы жүйесі өзгереді. Ол жайында келесі постта оқисыз. 

Бөлісу: